BMW X6 M Competition F96, 2023, модель беті
Мощность двигателя460 кВт (625 л. с.)
Қозғалтқыш және отын түріБензин

THE X6 M

BMW X6 M Competition F96, 2023, модель беті

M BMW X6 ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРІ.

Мощность двигателя460 кВт (625 л. с.)
Қозғалтқыш және отын түріБензин
THE X6 MM BMW X6 ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРІ.

BMW X6 M COMPETITION И X6 M60i xDRIVE.

 

BMW X6 M Competition:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 12,9–12,6
WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 293–284
 

BMW X6 M60i xDrive:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 12,3–11,4
WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 279–258

Толығырақ оқу

M BMW X6 АВТОКӨЛІКТЕРІ: ДИНАМИКА.

КҮШ ҚОНДЫРҒЫСЫ, ЖҮРІС БӨЛІГІ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ.

BMW X6 M COMPETITION.

Максималды динамика және эксклюзивті дизайн.
  • Қуаты 625 а.к., өнімділігі жоғары 8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы
  • М-ге тән М белсенді дифференциалы бар бейімделетін аспасы
  • Drivelogic функциясы бар M Steptronic спорттық автоматты беріліс қорабы
  • 625 а.к., 750 Нм, 3,9 с ішінде 0–100 км/сағ
BMW X6 M Competition F96, 2023, алдын ала конфигурация

BMW X6 M60i xDRIVE.

Спорттық стильдің, жайлылық пен қауіпсіздіктің максимумы.
  • Қуаты 530 а.к., 8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы
  • Интегралды белсенді руль
  • M Sport дифференциалы бар BMW xDrive
  • 530 а.к., 750 Нм, 4,3 ішінде 0–100 км/сағ
BMW X6 M60i xDrive G06, 2023, алдын ала конфигурация
  • BMW X6 M COMPETITION.
  • BMW X6 M60i xDRIVE.

ЖАҢА BMW X6 M COMPETITION – ӨНІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

BMW X6 M Competition F96, 2023, өнім ерекшеліктері, бейне
BMW X6 M Competition F96, 2023, 8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы

Қуаты 625 а.к., өнімділігі жоғары 8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo қозғалтқышы

8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы жоғары өнімділігімен ерекшеленеді әрі қуатты сенімді түрде жинаумен және спорттық дыбысымен тамсандырады.

BMW X6 M Competition F96, 2023, Drivelogic функциясы бар 8 сатылы спорттық M Steptronic АБҚ

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы спорттық M Steptronic АБҚ

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы спорттық M Steptronic АБҚ көптеген ауыстырып-қосу алгоритмдерімен ерекшеленеді: максималды динамикалықтан жайлыға дейін – қолмен басқару және автоматты режимдерде.

BMW X6 M Competition F96, 2023, M xDrive, M белсенді дифференциалы

М белсенді дифференциалы бар BMW M xDrive

M белсенді дифференциалы бар M xDrive толық жетек жүйесі жол бетімен максималды ілінісуге және күнделікті пайдалану кезінде де, жарыс жолында да ең жоғарғы динамикаға кепілдік береді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, алдыңғы бөлік дизайны

Алдыңғы бөлігінің дизайны.

Дизайнның жіңішке фаралары мен қара элементтері алдыңғы бөлікке динамикалық көрініс береді. Қос ламель артында жасырулы қозғалтқыштың қуатын меңзей отырып, радиатор торының ашықтығынан максималды әсер жасайды.

BMW X6 M Competition F96, 2023, бүйір жағының дизайны

Бүйір жағынан көрінісі.

Қара түсті М ауа өткізгіші, артқы көрініс айналарының «Жылтыр қара» түсті қақпақтары, сондай-ақ «Х6 М» қара логотипі сияқты дизайн элементтері автокөлік профиліне айрықша спорттық даралық беріп тұр.

BMW X6 M Competition F96, 2023, артқы бөлік дизайны

Артқы бөлігінің дизайны.

Артқы бампердің бірқалыпты артқы қанаты мен шет жақтарындағы тік шағылыстырғыштар автокөліктің енін айшықтап тұр, Көзге бірден түсетін логотипі сияқты М классикалық элементтері баршаның көз жауын алады.

BMW X6 M Competition F96, 2023, М-ге тән жарық жолағы

М-ге тән жарық жолағы.

Алдыңғы жолаушы жағында «М» логотипі бар жарық жолағы өзіне назар аудартып, таңғалырады. Ол фондық жарықпен жабдықталған және қараңғы уақытта автокөліктегі серпінді әрі жоғары технологиялық атмосфераны ерекше етеді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, иілген дисплей

М-ге тән ақпаратпен BMW Curved Display иілген дисплейі.

BMW Curved Display иілген дисплейі салонға заманауи айқын көрініс береді. М-ге тән индикация тіпті ең күрделі қозғалыс жағдайларында да бүкіл ақпаратты тез әрі сенімді түрде оқуға мүмкіндік береді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, M көпфункционалды орындықтары

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М көпфункционалды орындықтары

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М көпфункционалды орындықтары электрреттеудің түрлі мүмкіндіктері мен керемет бүйірлік тіреуді ұсынады.

ЖАҢА BMW X6 M60i xDRIVE – ӨНІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАҢА BMW X6 M COMPETITION И X6 M60i xDRIVE.

BMW X6 M60i xDrive (G06), өнім ерекшеліктері
BMW X6 M60i xDrive G06 MP, 8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы, ірі план

V8 M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы

8 цилиндрлік V тәрізді M TwinPower Turbo бензинмен жүретін қозғалтқышы жоғары өнімділігімен ерекшеленеді әрі қуатты сенімді түрде жинаумен және спорттық дыбысымен тамсандырады.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, интегралды белсенді руль, артқы жағының төрттен үш бөлігінің көрінісі

Интегралды белсенді руль.

Интегралды белсенді руль, мысалы тұрақта, жақсартылған маневрлікпен қамтамасыз етеді. Ол жоғары жылдамдықтарда жоғары тұрақтылық пен жайлылыққа қолғабыс етеді.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, M Sport дифференциалы

M Sport дифференциалы.

M Sport дифференциалы дөңгелектердің жолмен ілінісуін және бағыттық тұрақтылықты, атап айтқанда, басқа жолаққа ауысқанда, бұрылыстарды немесе түрлі жабынды жолдарда оңтайландырады.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, «M» логотипі бар ауатартқыштар, ірі план

«M60i» логотипі бар Air Breather ауа өткізгіштері.

Алдыңғы дөңгелектердің аркаларының артында тұрған Air Breather ауа өткізгіштері BMW X6 M60i xDrive алдыңғы бөлігінің мәнерлі айқын сызықтарын визуалды жалғастырады. Олар аэродинамиканы жақсартады, оларда орналасқан «М» логотиптері автокөліктің жоғары технологиялық жетегін куәландырып тұр.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, M сыртқы айналары, ірі план

M сыртқы айналары.

Екі жалғастырғышы бар «Жылтыр қара» түсті аэродинамикалық оңтайландырылған М сыртқы айналары автокөлік профиліне жоғары сапалы түр беріп тұр. Асфералық әйнектердің арқасында олар кез келген жағдайда керемет шолумен қамтамасыз етеді.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, BMW M радиаторының торы, ірі план

BMW M радиаторының торы.

Мәнерлі алдыңғы бөліктің ортасында қос ламельді әрі үлкен «М» логотипі бар радиатор торы өзіне назар аудартып тұр. Ол автокөлікке айрықша қуатты түр беріп, оған спорттық харизма сыйлап тұр.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, «M» логотипі бар жарық жолағы, ірі план

«М» логотипі бар жарық жолағы.

Алдыңғы жолаушы аймағындағы «М» жарық жолағы мен М-ге тән әсерлі гарфика BMW X6 M60i xDrive жоғары технологиялық және спорттық бейнесін айшықтап тұрады.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, BMW Curved Display иілген дисплейі, ірі план

BMW Curved Display иілген дисплейі.

BMW Curved Display иілген дисплейі аспаптық панельдің 12,3 дюймдік дисплейі мен 14,9 дюймдік сенсорлық орталық дисплейдің тіркесімі болып табылады. Оны басқару түйсікпен түсінікті, ол, мысалы сенсорлық функция арқасында, іске асырылады.

filename.jpg_image_alt_text> (should include keyword) BMW X6 M60i xDrive G06 MP, былғарымен қапталған M руль дөңгелегі, ірі план

Былғарымен қапталған М руль дөңгелегі

Спорттық стильдегі дәл басқару: тоғыны Walknappa қара былғарысымен қапталған және бас бармақтарға эргономикалық тіреулер жасалған былғарымен қапталған М көпфункциялы руль дөңгелегі.

ЖАҢА X6 M60i Xdrive АРНАЛҒАН M SPORT PRO ОПЦИЯЛЫҚ ПАКЕТІ.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, M Sport Pro пакеті

M Sport Pro пакеті жаңа BMW X6 M60i xDrive мінезін әсерлі жолмен айшықтайды:

  • Өңдемесі кеңейтілген M Shadow Line экстерьерінің дизайны ерекше акценттерімен тамсандырады – мысалы, радиатор торының «Күңгірт қара» түсті жақтауы.
  • Қызыл түсті суппортары бар M Sport тежегіш жүйесі әдемі түрімен ерекшеленеді және кез келген жағдайда мінсіз сипаттамаларын көрсетеді.
  • Қара газ шығаратын келте құбырлар квартеті динамикалық бейнесін айшықтап тұр.

BMW INDIVIDUAL.

BMW X6 M Competition F96 2023 BMW Individual 01
BMW X6 M Competition F96 2023 BMW Individual 02
BMW X6 M Competition F96 2023 BMW Individual 03
BMW X6 M Competition F96 2023 BMW Individual 04

Х МОДЕЛЬДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЛАК-БОЯУ ЖАБЫНДАРЫ.

Даралықтан асқан маңызды нәрсе жоқ. Сол себепті BMW M енді барлық Х модельдеріне арналған арнайы лак-бояу жабындарын ұсынады. Эксклюзивтілігі және жоғары сапасымен ерекшеленетін BMW Individual әртүрлі лак-бояу жабындары клиенттерге автокөліктің спорттық сыртқы түрін өздерінің қалауына қарай түрлендіруге мүмкіндік береді. BMW M арнайы лак-бояу жабындары туралы толығырақа ақпаратты BMW ресми дилерлерінен ала аласыз.

 

M BMW X6 АВТОКӨЛІКТЕРІ: ЖҮРГІЗУШІ КОКПИТІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жаңа M BMW X6 автокөліктерінің М ерекше құралдары, түйсікпен түсінікті басқару тұжырымы, цифрлық сервистер және жүргізушінің интеллектуалды көмекші жүйелері.

BMW X6 M Competition F96, 2023, кокпит және технологиялар
BMW X6 M Competition F96, 2023, BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional.

Негізгінің барлығы көз алдында: BMW Live Cockpit Professional иілген дисплейде де, проекциялық дисплейде де сіздің көру аймағыңызда қозғалыс туралы ақпаратты дәлме-дәл береді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, BMW проекциялық дисплейі

М арнайы индикациясы бар проекциялық дисплей.

BMW проекциялық дисплейі тікелей сіздің көру аймағыңызда қозғалыс кезіндегі маңызды ақпаратты, мысалы жылдамдық немесе навигациялық жүйенің нұсқауларын, көрсетеді[1].

BMW X6 M Competition F96, 2023, аспаптар тақтасындағы М-ге тән индикация

М ерекше аспаптар тақтасы

М арнайы аспаптар тақтасы SPORT және TRACK режимдерінде деректерді айрықша дәлдікпен көрсетеді[1].

BMW X6 M Competition F96, 2023, сымсыз зарядтау

Сымсыз зарядтау.

Көбірек тәртіп, көбірек жайлылық: сымсыз зарядтау смартфонды аса ыңғайлы зарядтауға мүмкіндік береді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, BMW 8 операциялық жүйесі

BMW 8 операциялық жүйесі.

BMW 8 операциялық жүйесі дауыстық командалар және сенсорлық экран көмегімен автокөлік функциялары анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы басқарумен қамтамасыз етеді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, Professional жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі.

Аса маңызды кезде Professional жүргізу көмекшісі қауіпсіздік пен жайлылықты жоғары деңгейде қамтамасыз ететін көптеген көмек жүйелерімен сізге қолдау көрсетеді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, Professional тұраққа қою көмекшісі

Professional тұраққа қою көмекшісі.

Professional тұраққа қою көмекшісі сіздің BMW-ні өз бетінше тұраққа қоя алады, бұл ретте сіздің руль тізгінінде болуыңыз міндетті емес. Маневрді жүйе жадында бір рет сақтасаңыз жеткілікті.

ЖАҢА M BMW X6 АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ

BMW X6 M Competition.

Қуаты, а.к.:

460 (625)

Үдеу 0-100 км/сағ, с:

3,9

WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км:

12,9–12,6

WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км:

293–284

BMW X6 M Competition F96, 2023, техникалық деректер, қысқа нұсқасы

BMW ТҮПНҰСҚА ЖАРАҚТАРЫ ЖӘНЕ BMW M PERFORMANCE КОМПОНЕНТТЕРІ

M BMW X6 жаңа автокөлігіңізге BMW M Performance аксессуарларымен максималды спорттық айбын беріңіз немесе BMW түпнұсқа аксессуарларын пайдаланып, автокөлігіңізді жеке қалауларыңыз бен қажеттіліктеріңізге қарай бейімдеңіз.

BMW X6 M Competition F96, 2023, BMW артқы карбон спойлері

M Performance карбон артқы спойлері.

M Performance карбон артқы спойлері автокөліктің премиум спорттық түрін одан сайын көрнекілей түсіп, оның аэродинамикасын оңтайландырады.

BMW X6 M Competition F96, 2023, M Performance радиатордың карбон торы

M Performance радиатордың карбон торы.

Өз стиліңізді айшықтаңыз: M Performance радиатор торының жақтауы премиум карбоннан жасалған. Ол автокөлігіңізге кербез, спорттық және жеке түрді ерекше береді.

BMW X6 M Competition F96, 2023, 21"/22" M Performance Double-spoke 809 M Jet Black құймалы дискілері, күңгірт

21/ 22" M Performance Double-spoke 809 M Jet Black құймалы дискілері, күңгірт, жазғы дөңгелектер жиынтығы жинақта.

21"/22" M Performance Star-spoke 809 M Jet Black құймалы дискілері, күңгірт. Шиналарда қысым датчигі бар жинақтағы жазғы дөңгелектер жиынтығы. Шиналарда қысым датчигі бар жинақтағы жазғы дөңгелектер жиынтығы.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, «Жылтыр қара» түсті радиатор торы, ірі план

«Жылтыр қара» түсті М радиаторының торы.

Күшті мінез: «Жылтыр қара» түсті тор ламельдері мен тор жақтаулары қуат пен динамиканы бейнелеп тұр.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, М артқы көрініс айналарына көміртек талшықтарынан жасалған қаптама, ірі план

М артқы көрініс айналарына көміртек талшықтарынан жасалған қаптама.

М сыртқы артқы көрініс айналарының қақпақтары 100 пайыз карбоннан мұқият қолмен жасалған.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, BMW артқы карбон спойлері, ірі план

M Performance карбон артқы спойлері.

M Performance карбон артқы спойлері автокөліктің премиум спорттық түрін одан сайын көрнекілей түсіп, оның аэродинамикасын оңтайландырады.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro, ірі план

BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro.

Қандай да бір оқыс оқиға болған жағдайда, QHD және Full-HD форматтағы камералары бар BMW Advanced Car Eye 3.0 Pro бейнетіркегіші автокөліктің алдында және артында болып жатқанның барлығын автоматты тіркейді.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, Travel & Comfort жүйесіне арналған BMW Pro планшет ұстағышы, ірі план

Travel & Comfort жүйесіндегі планшетке арналған BMW Pro ұстағышы.

BMW қорғаныс тысқабы бар планшеттерге арналған сенімді бекіту. Түрлі орындарда және түрлі бұрыштармен бекітуге болатын ұстағыш Travel & Comfort опциялық жүйесіне немесе базалық кронштейнге бекітіледі.

BMW X6 M60i xDrive G06 MP, BMW артқы жүксалғыш боксы, ірі план

BMW артқы жүксалғыш боксы.

BMW артқы жүксалғыш боксы саяхаттарда таптырмастай ыңғайлы: қосымша 300 л жүксалғыш көлемін ұсынады, ал жүктерді салу-алу төбедегі жүксалғыш боксымен салыстырғанда анағұрлым оңай.

Сотрудник BMW консультирует клиента

ЖЕКЕ КЕҢЕС АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ

Сізде қандай да бір сұрақ туындаса, Сізге қосымша ақпарат қажет болса немесе BMW X6 M бойынша нақты ұсыныс алғыңыз келсе, жақын маңдағы BMW дилеріне хабарласыңыз. Біздің білікті қызметкерлеріміз Сізге телефон арқылы немесе тура дилерлік орталықта қуана жеке кеңес береді.

Отын шығыны және CO2 шығарындылары.

BMW X6 M Competition:

WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 12,9–12,6
WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 293–284


BMW X6 M60i xDrive:
WLTP аралас цикліндегі отын шығыны, л/100 км: 12,3–11,4
WLTP аралас цикліндегі CO2 шығарындылары, г/км: 279–258
 

Отын шығыны, СО2 шығарындылары, энергияны тұтыну және жүріс қоры туралы ресми деректер Еуропалық Одақ (ЕО) 715/2007 директивасының қолданыстағы нұсқасына сәйкес келетін, алдын ала жазылған өлшеу үрдісіне сәйкес анықталған. WLTP циклі бойынша деректер ауқымын көрсеткенде, қосымша жабдықтың пайдаланылғаны есепке алынған (бұл жағдайда Германия нарығында қолжетімді жабдық). 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралы түрінің мақұлдауын алған автокөліктер үшін ресми деректер тек WLTP циклі бойынша анықталған. Бұған қоса ЕО 2022/195 директивасына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап NEDC циклі бойынша деректер сәйкестік сертификатынан алынып тасталады. NEDC және WLTP бойынша өлшеу процедуралары туралы толығырақ ақпаратты www.bmw.de/wltp сайтынан берілген.

Толығырақ оқу